6 шілде, Дүйсенбі

Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық боксшы Талғат Шайкен ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы британдық MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. 19 жастағы боксшының дебюттік жекпе-жегі қашан өтетіні әзірге белгісіз. MTK Global компаниясының МТК Kazakhstan атты қазақстандық филиалы бар.

https://www.instagram.com/p/CA5TQg8BXRX/?utm_source=ig_web_copy_link

«Командаға қош келдің!», – деп жазылған MTK Kazakhstan парақшасында.

Айта кетейік, көкшетаулық спортшы 10 жылдан бері бокспен айналысып келеді. 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы және Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған. 

Бөлісу

.