31 қазан, Сенбі

Жастар арасында Азия чемпионы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы және Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық боксшы Талғат Шайкен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, – деп хабарлайдыQsport.kz порталы.

Бапкер Қанат Алтаев өзінің инстаграм парақшасына Талғат Шайкен мен тағы бір қазақстандық Рахат Сейітжанның жаттығуынан видео жариялады.

https://www.instagram.com/p/CA2_N-5A7Zm/?utm_source=ig_web_copy_link

«Болашақ қазақстандық кәсіпқой бокстың жас жұлдыздары», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Талғат Шайкен Венгриядағы халықаралық турнирде топ жарған, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы Президент Кубогын жеңіп алған. Ал Рахат Сейітжан кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.