6 шілде, Дүйсенбі

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сынға түседі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Matchplay 120 додасының қатысушысы атанды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыс көрермендерсіз барлық сақтық шараларын қатаң сақтанумен өтеді. Сонымен қатар, аталған турнирге кейбір төрешілер мен болбой да қатыспайды. Қазіргі таңда Попко үш кездесу өткізіп үлгерді. Ойын нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз: Дмитрий Попко (Қазақстан) — Маккензи Макдональд (АҚШ) — 6:4, 6:3. Дмитрий Попко (Қазақстан) — Роберто Сид (Доминика республикасы) — 6:3, 3:6, 6:1. Дмитрий Попко (Қазақстан) — Бьорн Фратанджело (АҚШ) — 6:1, 6:3.

Айта кетерлігі, кездесу АҚШ-тың бірнеше қаласында алты апта ішінде өтеді.

Бөлісу

.