6 шілде, Дүйсенбі

Георгий Кичигин Қуат Хамитовтың бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Георгий Кичигин ACA 106 турнирінде жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жақында ғана ресейлік беделді АСА ұйымымен келісімшартқа отырған Кичигин тұжырымдағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақта FN Global ұйымының бұрынғы чемпионы 11-шілде күні өтетін ACA 106 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Ол Қуат Хамитовпен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқан Магомедсайгид Алибековке (10-1 ) қарсы шығады.

Айта кетейік, «Рыцарь» лақап атымен танымал спортшы мансабында 23 мәрте жеңіске жетсе, 6 қарсыласына есе жіберген.

Бөлісу

.