27 қыркүйек, Жексенбі

Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирінің жаңартылған ережесі жарияланды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық семсерлесу федерациясы Олимпиадаға іріктеу турнирінің жаңартылған нұсқасын және аймақтық турнирлердің аяқталатын уақытын хабарлады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің ережесі бастапқы қалпында қалды. Тек кішігірім өзгерістр енгізілген.

Жекелей сында әр қару түрінен 34 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде, 24 спортшы командалық турнирге қатысу мүмкіндігін алған елдер қатарынан.

6 спортшы FIE рейтингі бойынша іріктеледі. Олар аталған қару түрі бойынша командалық жарыс түрінен қатыспайтын елдерден болуы тиіс.
4 споршы аймақтық іріктеу турнирлернің жеңімпазы ретінде қатысады (әр географиялық аймақтан 1 спортшыдан).

Жапония жарысты қабылдаушы мемлекет ретінде сегіз спортшы қатыстыру мүмкіндігін алды.

Бөлісу

.