27 қыркүйек, Жексенбі

Арман Әшімов Arlan MMA Pro Team командасының қатарына қосылды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов Arlan MMA Pro Team командасымен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Арман Әшімов  Arlan MMA Pro Team командасының қатарына қосылды.  Dana White’s Tuesday Night Contender Series турнирінде өнер көрсететін «Мұстафа Өзтүрік» енді еліміздегі ең мықты аралас жекпе-жек өкілдерінің басын қосқан Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі атанды.Арманның команданың қай құрамына кіргені әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Арман соңғы жекпе-жегін Ресейдің  Орынбор қаласында өткен M-1 Challenge 104 турнирінде бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен. Енді ол 30-маусым болатын Dana White’s Tuesday Night Contender Series турнирінде сынға түсуі керек. 

Бөлісу

.