24 қыркүйек, Бейсенбі

Кака «Қайратпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футзалдан 43 жастағы бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейра Силва «Қайратпен»  келісімшарт мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы kazfootball.kz мәлім етті.

Кака «Қайратты» 2018 жылдың сәуір айынан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен алматылық команда футзалдан Премьер-лига чемпионы атанды. Дереккөздің хабарлауынша, бразилиялық маманмен келісімшарт үш жылға жасалған.

«Қайраттан» бөлек Кака футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы.

Бөлісу

.