24 қыркүйек, Бейсенбі

«Реал» – Еуропадағы ең қымбат клуб

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

KPMG аудиторлық компаниясы 2019 жылдың ең қымбат футбол клубтарының тізімін жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рейтингтің көш басында «Реал» клубы тұр. Корольдік клубтың құны 3,478 миллиард еуроны құраған. Екінші орынға «Манчестер Юнайтед» (3,342) жайғасса, «Барселона» (3,193) үздік үштікті  түйіндеді.

Еуропаның ең қымбат 10 футбол клубы:

1. «Реал» – 3,478 миллиард еуро.
2. «Манчестер Юнайтед» – 3,342
3. «Барселона» – 3,193
4. «Бавария» – 2,878
5. «Ливерпуль» – 2,658
6. «Манчестер Сити» – 2,606
7. «Челси» – 2,218
8. «Тоттенхэм» – 2,067
9. «ПСЖ» – 1,911
10. «Арсенал» – 1,852

Айта кетейік, Примера ойындары наурыз басында тоқтатылды, қазіргі таңда 27 тур ойындары аяқталған. Турнир кестесінде 58 ұпаймен «Барселона» көш бастап келеді, мадридтік «Реал» екі ұпай кем жинады.

Бөлісу

.