24 қыркүйек, Бейсенбі

«Барселонаның» бұрынғы басшысы: Егер «Реал» көш басында тұрса, маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтын еді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Барселонаның» бұрынғы президенті Джоан Гаспарт Испания чемпионатының биылғы маусымы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Оның айтуынша, егер «Реал» көш басында тұрса, маусым мерзімінен бұрын аяқталған болар еді.

«Егер маусым тоқтатылған кезде «Реал» көш басында тұрса, Ла Лига маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған болар еді», — деп келтіреді Goal Гаспарттың сөзін.

Коронавирус пандемиясына байланысты аяқталмай қалған Испания чемпионаты 12 маусымда қайта жалғасады деп жоспарланып отыр. Маусым жалғасындағы алғашқы матч «Реал Бетис» пен «Севилья»  арасында өтпек.

Айта кетейік, Примера ойындары наурыз басында тоқтатылды, қазіргі таңда 27 тур ойындары аяқталған. Турнир кестесінде 58 ұпаймен «Барселона» көш бастап келеді, мадридтік «Реал» екі ұпай кем жинады.

Бөлісу

.