24 қыркүйек, Бейсенбі

Зайнутдинов «Ростовпен» келісімшарт мерзімін ұзартуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдиновтің ресейлік «Ростовпен» келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерінің егжей-тегжейі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында жазғандай, жалақы мәселесін ойыншылардың өкілі шешеді.

«Жаңа маусымнан бастап қазақстандықтар РПЛ-да легионер ретінде қарастырылуды доғарады. Сондықтан екі лига клубынан Зайнутдиновке қызығушылық бар, алай олар жағдайды бақылап, күтеді. Ойыншының өзі Ресейді Батыс Еуропаға кетудің трамплині деп санайды.

Дүниежүзіндегі ауыр жағдайды ескерсек, қазір лайықты жұмыс табу өте қиын. Сондықтан қазақстандық жартылай қорғаушы жыл соңына дейін Ростовтан кетуі екіталай. Бірақ Еуропамен көпір салуға зиян тигізбейді», — дейді Қожахмет.

Айта кетейік, бұған дейін «Ростов» президенті Арташ Арутюнянц Зайнутдиновпен келісімшартты ұзартуға жақын екенін айтқан болатын. 22 жастағы қазақстандықтың қазіргі келісімшарт мерзімі осы жылдың желтоқсан айына дейін. Осы маусымда жартылай қорғаушы үш гол соғып, 12 ойында нәтижелі екі пас берді.

Бөлісу

.