24 қыркүйек, Бейсенбі

Исламхан Қазақстанға келді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Қазақстанға келді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

27 жастағы футболшы ақпан айынан бері арабиялық «Әл-Айн» сапында өнер көрсетті. Ол Қазақстанға мамырдың ортасында келген. Футболшы жаттығулар басталғанға дейін елде болмақ.

БАӘ чемпионаты аяқталуы үшін әлі жеті тур өтуі керек. «Әл-Айн» клубы турнир кестесінде екінші орында тұр. Көш басында «Әл-Ахли» клубы тұр.

Айта кетейік, қазақстандық футболшының арабиялық командамен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. «Әл-Айн» клубы келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынған. Мұның алдында қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Исламханға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан болатын.

Бөлісу

.