24 қыркүйек, Бейсенбі

Зидан Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік бапкер атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Squawka тұжырымы бойынша мадридтік «Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік бапкер атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Француз бапкері Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұта алған жалғыз бапкер. Үш жеңісті де (2016, 2017, 2018) корольдік клубпен жеңіп алды. Чемпиондар лигасында барлығы 26 ойында жеңіске жеткен.

Екінші орында «Манчестер Ситидің» қазіргі бас бапкері Хосеп Гвардиола тұр. Ол «Барселонамен» Чемпиондар лигасында екі рет  (2009, 2011) жеңіске жетті.

Үздік үштікті «Эвертонның» бас бапкері Карло Анчелотти түйіндеді. Ол Чемпиондар лигасын екі клубпен 2003 және 2007 жылы «Миланмен», сондай-ақ «Реалмен» 2014 жылы жеңіп алды.

Үздік 10 бапкердің тізімі:

1. Зинедин Зидан
2. Хосеп Гвардиола
3. Карло Анчелотти
4. Жозе Моуринью
5. Луи ван Гал
6. Алекс Фергюсон
7. Юпп Хайнкес
8. Висенте дель Боске
9. Рафаэль Бенитес
10. Оттмар Хитцфельд.

Бөлісу

.