24 қыркүйек, Бейсенбі

«Әл-Айн» клубы Бауыржан Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Арабиялық клуб Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға жаңа келісімшарт ұсынды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Әл-Айн» командасы Бауыржан Исламханға бұрынғы келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынды. БАӘ клубы қазақстандық Бауыржан Исламхан және венгриялық Балаж Джуджак сияқты легионерлерін алып қалуға тырысып отыр. «Аль-Айн» командасының бас бапкері Педро Эмануэль қазақстандық футболшының ұзағырақ қалып, БАӘ президенті кубогы мен ел чемпионатын ұтып алуға көмектескенін қалайды.

Еске салайық, Бауыржанның арабиялық командамен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Исламханға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан.

Бөлісу

.