3 маусым, Сәрсенбі

Испания чемпионаты алғашқы ойындары маусымның ортасынан басталады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Испания чемпионаты қайта жалғасын табатын уақыт айтылды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Коронавирус пандемиясына байланысты аяқталмай қалған Испания чемпионаты 12 маусымда қайта жалғасады. Маусым жалғасындағы алғашқы матч «Реал Бетис» пен «Севилья»  арасында өтпек. Чемпионат 12 маусымда қайта жалғасатыны туралы клубтарға ресми түрде 28 мамырда хабарланады деп күтілуде. 

Еске салайық, Примера ойындары наурыз басында тоқтатылды, қазіргі таңда 27 тур матчтері аяқталған. Турнир кестесінде 58 ұпаймен «Барселона» көш бастап келеді, мадридтік «Реал» екі ұпай кем жинады.

Бөлісу

.