3 маусым, Сәрсенбі

Евгений Егембердиев Arlan MMA Pro Team командасымен келісімшартқа отырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Евгений Егембердиев Arlan MMA Pro Team командасымен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Алаш Прайд» клубының атынан шығатын Евгений Егембердиев Arlan MMA Pro Team командасымен келісімшартқа отырды. АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Евгений Егембердиев енді еліміздегі ең мықты аралас жекпе-жек өкілдерінің басын қосқан Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі атанды. «Метистің» команданың қай құрамына кіргені әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Евгений Егембердиев  АСА 105 турнирінде тұжырымның чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасқан Карол Сэленскийді техникалық нокаутпен жеңген.

Бөлісу

.