3 маусым, Сәрсенбі

«Ювентус» футболшылары коронавирусқа тест тапсырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Туриндік «Ювентус» клубының футболшылары коронавирусқа тест тапсырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы ақпарат клубтың ресми сайтында жарияланды.

Тестілеу нәтижесі бойынша ешқандай жағдай анықталған жоқ. Сынамалар түгел теріс нәтиже көрсетті.

Бірнеше күн бұрын «Ювентус» шағын топ болып жаттығуды бастады. Жақында клуб толыққанды командалық жаттығуды бастайды.

Айта кетейік, індет басталған уақытта клубтың үш ойыншысы, атап айтқанда шабуылшы Пауло Дибала, жартылай қорғаушы Блез Матюиди және қорғаушы Даниэль Ругани коронавирус дертіне шалдыққан болатын.

Бөлісу

.