3 маусым, Сәрсенбі

UFC ұйымы екі турнирінің өтпейтінін мәлімдеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC ұйымы екі турнирінің өтпейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шоулар Канаданың Саскатун және Америкалық Остинде (Техас) 20 және 27 маусымға жоспарланған. Алайда турнир коронавирус пандемиясына байланысты болмайды.

Іс-шараның өтпеуіне қоғамдық шаралар мен сапарларға шектеу қойылуы себеп болған. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт келесі турнир 30 мамырда Лас-Вегаста өтетінін растаған еді.

Айта кетейік, UFC бұған дейінгі екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді:  9 мамырда UFC 249, 14 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Барлық турнир Джексонвилде (Флорида, АҚШ) өтті. 30 мамырда ұйымның экс-чемпионы Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жекпе-жекке шығады деп күтілуде.

Бөлісу

.