3 маусым, Сәрсенбі

Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы UFC-мен келісімшартқа отырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Тагир Ұланбеков әлемге әйгілі MMA ұйымдардың бірі UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Тагир UFC жауынгері атанды», — деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттігінің дереккөзі.

Ұланбеков – UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов командасының мүшесі. Бұған дейін ол GFC және Fight Nights Global ресейлік ұйымдарда өнер көрсеткен. Жалпы, оның еншісінде 10 жеңіс, бір жеңіліс бар.

Айта кетейік, Ұланбеков 2018 жылы 31 тамызда Астанада өткен Fight Nights Global 88 турнирінде FNG чемпионы қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы жекпе-жекте жеңіліске ұшырады. Қазақстандық файтер төрешілердің шешіммен жеңген болатын. Жұмағұлов биыл ақпан айында UFC жауынгері атанған еді.

Бөлісу

.