3 маусым, Сәрсенбі

НБА маусымы қайта жалғасуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ұлттық баскетбол қауымдастығы маусымның қалған бөлігін қайта жалғастыруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Ұлттық баскетбол қауымдастығы маусымның қалған бөлігін, қалған ойындарды Хьюстондағы Toyota Center және George R. Brown Convention Center ареналарында өткізуді жоспарлап отыр. Техаста мамыр айының соңында спорттық іс-шаралардың өтуіне рұқсат етіледі. Бұған дейін НБА маусымы Орландода немесе Лас-Вегаста қайта жалғасуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Айта кетейік, Ұлттық баскетбол қауымдастығының маусымы наурыздың ортасында тоқтатылды.

Бөлісу

.