3 маусым, Сәрсенбі

WBC Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді «Күш королі» атағына ұсынды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC Твиттер желісіндегі парақшасында жанкүйерлерден орта салмақтағы ең мықты боксшы кім екенін сұрады. Үміткерлер арасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де бар.

«Орта салмақтағы күш королі кім?» деп сұрады кеңес өз оқырмандарынан. Кандидат ретінде осы салада өнер көрсетіп жүрген бірнеше боксшы ұсынылған. Олардың арасында Головкиннен бөлек Томас Хирнс, Марвин Хаглер, Сауль Альварес «Канело», Карлос Монсон және Айрен Баркли  сынды боксшылар бар.

Айта кетейік, Головкин коронавирус аяқталғаннан кейін поляк боксшысы Камил Шерематамен (21-0, 5 КО) жекпе-жек өткізетінін айтқан болатын.

Бөлісу

.