3 маусым, Сәрсенбі

ХОК басшысы Токио Олимпиадасының мүлдем болмауы мүмкін екенін мойындады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

ХОК президенті Томас Бах коронавирустың таралуы тоқтатылмаса, Токио Олимпиадасының мүлдем болмауы мүмкін екенін мойындады,  – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Жақында жапондық ұйымдастыру комитетінің жетекшілері егер 2021 жылға қарай коронавирустың таралуы бойынша жағдай қазіргідей  болатын болса, Олимпиаданың толық жойылатынын жоққа шығармайтындықтарын мәлімдеді. ХОК президенті Томас Бах жапондық серіктестерінің қөзқарасына түсіністікпен қарап, Токио Олимпиадасының мүлдем болмауы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

Айта кетейік, сондай-ақ ХОК басшысы Олимпиаданы көрермендерсіз өткізу мүмкіндігін жоққа шығарып, Токиодағы Олимпиаданың өтетініне сенім білдірді. 

Бөлісу

.