3 маусым, Сәрсенбі

Эдди Хирн: Сондерстің «Канелоны» жеңе алатынына сенемін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой бокстағы танымал промоутерлердің бірі Эдди Хирн WBO тұжырымының орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен Сауль Альвареспен жекпе-жегін өтетініне сенеді, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Эдди Хирн атақты «Канело»  мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жекті өткізгісі келетінін және Сондерстің «Канелоны» жеңе алатынын айтты.

«Мен қыркүйекте Сауль Альварестің Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жегін көргім келеді. Сондерс «Канелоны» жеңе алатынына сенемін . Альварестің Сондерспен жұдырықтасқанын қалаймын. Менің ойымша, бұл керемет айқас болады. Екеуі де жекпе-жекке дайын. Бокс кештері қайта оралған кезде екеуінің арасындағы жекпе-жек болады деп сенемін », — деді Эдди Херн.

Айта кетейік, Эдди Хирн Головкин — «Канело» трилогиясы жыл соңында болатынын айтқан.

Бөлісу

.