3 маусым, Сәрсенбі

Қайрат Ахметов: Мен әлі чемпион боламын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат «Қазақ» Ахметов ONE FC тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алу үшін аянып қалмайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ең жеңіл салмақтағы ONE FC тұжырымының экс-чемпионы Қайрат Ахметов қайтадан чемпиондық белбеуді қайтарып алу үшін аянып қалмайтынын айтты.  әлемге әйгілі ONE FC тұжырымының рейтингінде ең үздік үш спортшының қатарына кірген Қайрат: «Алла қаласа, мен әлі чемпион боламын», – деп жазды өзінің инстаграмдағы парақшасында. Қайраттың салмағындағы чемпион оның байырғы қарсыласы, кезінде отандасымыздан жеңілген Адриано Мораес.  

Айта кетейік, 1-мамыр күні, ONE FC тұжырымының Сингапурде өтетін турнирінде өнер көрсетуі керек еді.  Қайрат жапониялық спортшы Даичи Тенакамен (12-2-1) жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Бірақ әлемдегі пандемияға байланысты бұл турнир өтпеді.

Бөлісу

.