3 маусым, Сәрсенбі

UFC комментаторы подкастарын 100 миллион долларға сатты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC комментаторы Джо Роган Spotify компаниясымен келісімшарт жасасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

The Wall Street Journal мәліметінше, Роган Spotify компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Келісімшарт бойынша 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Джо Роган подкастары YouTube-тан Spotify-ге ауысады. Яғни, Роганның YouTube арнасындағы барлық бейнелер жойылып, Spotify сервисінде ғана қол жетімді болады. Мәміле құны 100 миллион долларға бағаланған.

«Менің подкастым Spotify-ге ауысып жатыр. Бірнеше жылға лицензиялық келісімшартқа отырдым. Шоу өзгермейді. Мен Spotify қызметкері болған жоқпын, біз алдыңғы команда ретінде жұмыс істейміз және сол шоуды жасаймыз», – деді Джо Роган.

Айта кетейік, комментатордың YouTube-те 8,41 миллион жазылушысы бар, ал ол ай сайын 200 миллионнан астам көрілім жинайды.

Бөлісу

.