3 маусым, Сәрсенбі

Назым Қызайбай: Үйде уақыт өткізу біз үшін қалыпты жағдай емес

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әйелдер боксынан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай карантин уақытының қалай өтіп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Карантин басталғаннан бері спорттық формамызды жоғалтпау үшін тынымсыз дайындалдым. Әлі күнге дейін бір тынған емеспін. Жаттығу әлі де жалғасуда. Үй жағдайында жаттығудың аздаған қиындықтары бар. Бірақ карантин уақыты бізге берілген мүмкіндік. Қол қусырып отыруға болмайды.

Жаттығу жиындары мен жарысқа қатысатын кездерді асыға күтіп, сағынып жүргенімді жасырмаймын. Себебі, ес білгелі сыртта жүріп үйренген соң, үйде уақыт өткізу біз үшін қалыпты жағдай емес. Өздеріңіз білесіздер, Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды. Осыған орай, іріктеу турнирлері де кешеуілдейді.

Аммандағы жарысқа қатыса алмадым. Бапкерлер шешімімен басқа спортшы кетті. Бірақ 51 келіде Олимпиада жолдамасы біздің командаға әлі бұйырған жоқ. Алдағы әлемдік іріктеу сынына барамын деген үмітім бар. Барлығын бапкерлер шешеді. Біздің міндет – жаттығуды тоқтатпау», – дейді Назым.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 48 келіде 2014 және 2016 жылғы әлем чемпионы. 

Бөлісу

.