3 маусым, Сәрсенбі

UFC-дің келесі турнирі қайда өтетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

UFC ұйымының келесі турнирі қайда өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ұйымның келесі турнирі UFC Fight Night 30 мамырға жоспарланған. Мұны UFC президенті Дана Уайт растады. Невада Атлетикалық Комиссиясы өз аумағында спорттық іс-шараларды әлі қабылдаған жоқ, бірақ Уайттың айтуынша, комиссия Лас-Вегаста көрерменсіз турнир өткізу идеясын толығымен қолдайды.

Бұған дейінгі екі аптада UFC үш турнир өткізіп үлгерді:  9 мамырда UFC 249, 14 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Барлық турнир Джексонвилде (Флорида, АҚШ) өтті.

Айта кетейік, 30 мамырда ұйымның экс-чемпионы Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жекпе-жекке шығады деп күтілуде.

Бөлісу

.