3 маусым, Сәрсенбі

АІВА президентін сайлау рәсімі қашан өтеді?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық бокс қауымдастығының жаңа президентін сайлау рәсімі желтоқсан айында өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Сайлау 12-13 желтоқсан  күндері өтпек. Әзірге Мохамед Мустахане  АІВА президентінің міндетін  уақытша атқарып отыр.

Бұған дейін президент сайлауын 20 маусымда өткізу жоспарланған болатын. Алайда індет жағдайына байланысты жаңа мерзім бекітілді.

Айта кетейік, АІВА Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін өткізу құқығынан айырылған еді. Бокстан Аммандағы іріктеу бәсекесін Халықаралық Олимпиада комитеті өткізді.

Бөлісу

.