24 қыркүйек, Бейсенбі

УЕФА тағы бір клубтық жарыс ұйымдастыруды көздеп отыр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан бөлек тағы бір клубтық жарыс – Конференциялар лигасын ұйымдастыруды көздеп отыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

УЕФА коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан 2021/22 жылғы маусымнан бастамақ ниетте. Британдық The Guardian басылымының жазуынша, бұл жайлы UEFA басшысы Александер Чеферин мәлімдеген.

Айта кетейік, Конференциялар лигасының топтық кезеңінде сегіз топқа бөлінетін 32 команда ойнайды. Квартет жеңімпаздары ақтық жарыстың 1/8 кезеңіне өтеді, екінші орын еншілеген командалар Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған клубтармен плей-оффқа шығу үшін бәсекелеседі. Жарыс жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алады.

Бөлісу

.