24 қыркүйек, Бейсенбі

Үш футболшы бүкіл Қазақстан чемпионатынан қымбатқа бағаланды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Франциялық «ПСЖ» клубының шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Неймар және «Манчестер Сити» сұрмергені Рахим Стерлингтің жекелей алғандағы трансферлік құны бүкіл Қазақстан чемпионатындағы барлық футболшының жалпы сомасынан қымбат, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Transfermarkt мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ең қымбат ойыншы 21 жастағы фарнцуз Килиан Мбаппе. Оның трансферлік құны – 180 миллион еуро. Одан кейін Стерлинг пен Неймар – 128 миллион еуро. Осылайша, олардың әрбірі Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін барлық футболшының құнын қосқандағыдан қымбат –  123 миллион еуро.

ҚПЛ-да ең қымбат құрам «Астана» командасында (23 миллион еуро).  Ал клубтың жартылай қорғаушысы Марин Томасов лигадағы ең қымбат ойыншы (2,8 миллион еуро).

Айта кетейік, одан кейінгі сатыдағы Садио Мане, Мохаммед Салах (екеуі де «Ливерпуль»), Харри Кейн («Тоттенхэм») және Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити») сынды ойыншылар 120 миллион еуроға бағаланған.

Бөлісу

.