24 қыркүйек, Бейсенбі

Бахтиер Зайнутдинов коронавирусқа тест тапсырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ростов» клубының жаттықтырушылар құрамы мен қызметкерлері және ойыншылары коронавирусқа тест тапсырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тапсырылған сынама теріс нәтиже көрсетті. Ойыншылар қазір толық құрамда Дондағы Ростовта, жақын күндері жеке жаттығуды бастайды.

Соңғы бірнеше күнде «Локомотив», «Рубин» және «Динамода» коронавирус жұқтыру оқиғалары анықталды. Бұған дейін COVID-19 инфекциясын «Спартак» иесі Леонид Федуннің жұқтырғаны анықталған болатын. Басқа РПЛ клубтарында барлық сынақ теріс нәтижені көрсетті.

Айта кетейік, Ресей чемпионатының қайта жалғасуы 21 маусымға жоспарланған. 22 турдан кейін «Ростов» турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтады.

Бөлісу

.