3 маусым, Сәрсенбі

Жансая Әбдімәлік онлайн турнирде қола жүлдегер атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған қыздар арасындағы супер-турнирде жүлдегерлер атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

15-17 мамыр күндері аралығында Chess24 ойын платформасында өткен жарысқа қатысушыларды федерация президенті Аркадий Дворковичтің өзі таңдап алған. Қыздар арасында онлайн турнирде ресейлік Катерина Лагно топ жарса, Қытай чемпионы Лей Тинцзе екінші орынды алды. Ал Жансая Әбдімәлік 11,5 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

Қазақстандық шахматшы жеті партияда қатарынан жеңісе жеткен, оған қоса күміс жүлдегер Лей Тинцзеден басым түсті. Ал жарыс жеңімпазы Катерина Лагномен тең ойнады. Бұған қоса Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды.

Бөлісу

.