24 қыркүйек, Бейсенбі

Футболдағы ең ықпалды адамдар үштігінде кімдер тұр?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Франциялық France Football басылымы футбол әлеміндегі ең ықпалды адамдарды анықтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші орынды «ПСЖ» клубының президенті Нассер Аль-Хелаифи иемденді. Сондай-ақ, ол 55 миллионнан астам жазылушысы бар beIN Media Group катарлық телекомпаниясын басқарады.

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен FIFA президенті Джанни Инфантино да футболдағы ең ықпалды адамдардың үштігіне енді. Олардың қайсысы қай орынға жайғасқаны белгісіз.

«Меніңше, рөлдер мен лауазымдар немесе атақтар маңызды емес. Мен ешқашан мұндай нәрселерге құмартқан емеспін. Мен нәтижелер мен әсерге көбірек көңіл бөлемін» – деді Аль-Хелайфи.

Айта кетейік, футбол әлеміндегі ең ықпалды адамдар рейтингі бүгін, 19 мамырда толық жарияланады.

Бөлісу

.