24 қыркүйек, Бейсенбі

FIFA 2020 марапаттау рәсімі өтпейді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус пандемиясына байланысты FIFA 2020 марапаттау рәсімін өткізбейтін болды, – деп хабарлайдыQsport.kz порталы.

Салтанатты шара Миланда өтуі керек еді. Marca басылымының мәліметінше, биыл ФИФА сыйлары лауреатсыз қалады. Сондай-ақ ФИФА жылдың үздік футболшысын да анықтамайды. Бұл сыйды 2019 жылы ұтып алған «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси осы атақпен қала береді.

Тіпті «Алтын допты» да табыстау рәсімі өтпей қалуы мүмкін. Бұл сыйдың құрылтайшысы France Football басылмы сыйда табыстау бойынша әзірге ешқандай шешім қабылдамаған. 

Бөлісу

.