24 қыркүйек, Бейсенбі

Футзалдан биылғы әлем чемпионаты 2021 жылға шегерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футзалдан Литвада өтуі керек болған әлем чемпионы 2021 жылға шегерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы FIFA-ның ресми сайтында жарияланды.

Әлем чемпионаты биыл 12 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуі керек еді. Енді ол келер жылдың 12 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында өтеді.  Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Онда барлығы 24 құрама бақ сынайды.

Айта кетейік, FIFA кеңесі коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында осындай шешім қабылдаған.

Бөлісу

.