24 қыркүйек, Бейсенбі

Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Әл-Айн» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың ондығына енді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Alkhaleejtoday.co сайты БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 25 футболшының тізімін жариялады. Тізімде қазақстандық футболшы 9-орында «Аль-Айнадағы» әріптесі Коджо Лабоймен, сондай-ақ «Шарджидің» жартылай қорғаушысы ЛукасКайомен бірге тұр.

Аталған футболшылардың трансферлік бағасы – 2,4 млн еуро. Рейтингте көшіг трансферлік бағасы 4,8 млн еуро болатын «Шарджидің» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо бастап тұр.

Айта кетейік, Исламхан «Әл-Айн» сапына 31 қаңтарда өтіп, маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойған. БАӘ чемпионатындағы төрт ойында футболшы үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол АФК Чемпиондар лигасында екі және БАӘ президенті кубогында бір ойын өткізген.

Бөлісу

.