24 қыркүйек, Бейсенбі

Месси тағы да имиджін өзгертті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аргентина құрамасы мен каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси жаттығуды қайта бастағаннан кейін өзінің имиджін өзгертті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Футболшы инстаграм желісіндегі парақшасына жаттығу барысынан бірнеше сурет жүктеді. Ол суреттерден футболшының сақалсыз екенін байқауға болады. Месси бұдан бірнеше жыл бұрын сақал қойған болатын.

Айта кетейік, Ла Лига клубтары екі ай үзілістен соң жаттығуға кірісті. Футбол маусымы 12 маусымда қайта жалғасады деп жоспарланған.

Бөлісу

.