24 қыркүйек, Бейсенбі

«Ювентус» ойыншысы Италияға қайтудан бас тартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» футбол клубының жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо Италияға қайтудан бас тартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, Рабьо коронавирус пандемиясы кезіндегі қиын экономикалық жағдайға байланысты ойыншылардың жалақысын төмендетуіне наразылық білдірген.

Клуб ойыншылары жаттығуды бастап кеткеніне қарамастан Рабьо әлі де болса Франциядан қайтпай отыр және отанында ұзақ уақыт болатынын айтқан. Сондай-ақ француздың клубтың алғашқы қоңырауына жауап бермей, артынша ұшудан бас тартқаны анықталды.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ювентус» футболшының мұндай әбес қылық көрсеткеніне ашулы. Бұған дейін Рабьоның анасы ұлының АПЛ-да өнер көрсетуін қалайтыны айтылған еді. Қазіргі уақытта клубтың Гонсало Игуаин мен Адриен Рабьодан басқа ойыншалары Туринге оралған.

Бөлісу

.