23 қыркүйек, Сәрсенбі

Арсен Венгер: Месси мен Роналдудың дәуірі аяқталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер көп ұзамай Месси мен Роналдудың дәуірі аяқталатынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Біз Лионель Месси мен Криштиану Роналду сияқты кез келген қиын жағдайда ойын тағдырын шеше алатын ойыншыларды көрген емеспіз, бірақ олардың гегемониясы аяқталады деп ойлаймын.

Енді келесі буын келеді. Мбаппе және әрине, Неймар жаңа көшбасшы бола алады, – деді Венгер TalkSPORT сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік,  португалиялық спортшы 35 жаста, ал аргентиналық футболшы маусым айында 33 жасқа толады. Бұған дейін Роналду 5 рет, Месси 6 рет алтын доптын иегері атанды.

Бөлісу

.