31 қазан, Сенбі

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допинг қабылдағаны үшін төрт жылға шеттетілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова допинг қолданғаны үшін төрт жылға шеттетілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Қазақстанның Допингке қарсы комитетінің ресми сайтының хабарлауынша, 17 қыркүйек күні жарыс кезеңінде Нұрмұхамбетованың тестілеуі оралтуринабол үшін оң нәтиже көрсетті. Ауыр атлеттің шеттетілу мерзімі 2023 жылдың 17 қыркүйегінде аяқталады.

Биыл 19 ақпанда сынақтан өткен жеңіл атлет Любовь Ушакова да төрт жылға шеттетілді. 2018 жылғы Азия ойындары мен Әлем кубогы қатысушысының шеттетілу мерзімі 2024 жылы аяқталады.

Сондай-ақ, жеңіл атлет Александр Безруков пен Олеся Задорожная, гимнаст Гаухар Тілеубаева, велошабандоз Роман Василенков және волейболшы екі жылға шеттетілді. Олардың барлығының 2020 жылдың алғашқы екі айында тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, зілтемірші Анна Нурмухамбетова 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, бесінші орын алған болатын. Алайда 2016 жылы ол Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Бөлісу

.