24 қыркүйек, Бейсенбі

«Фиорентина» клубының 6 адамынан коронавирус анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Фиорентина» клубының 6 адамынан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Сәрсенбі күні кешке жүргізілген коронавирусты тексеру нәтижесінде 6 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Жұқтырғандардың үшеуі футболшы, үшеуі клуб қызметкері болып шықты.

Вирус жұқтырған алтауы да хаттамаға сәйкес карантинге жіберіліп, қажетті медициналық көмек алады. «Фиорентина» ойыншыларының қалған бөлігі 8 мамыр күні таңертең алғашқы жаттығуын бастайды.

Айта кетейік, наурыз айында клуб ойыншыларының арасында коронавирусты жұқтырудың бірнеше оқиғасы тіркелген болатын. Ал сәуірдің басында Патрик Кутроне, Херман Песселья және Душан Влахович сынды ойыншылар инфекциядан емделіп шыққан еді.

Бөлісу

.