24 қыркүйек, Бейсенбі

Чемпиондар лигасының қашан жалғасатына анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

УЕФА Чемпиондар лигасының ойындары қашан жалғасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы тамыз айында қайта жалғасын таппақ. 8-тамыз күні «Лион» мен «Ювентус» арасындағы қарымта ойын өтуге тиіс. Бірінші ойында франциялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. УЕФА бұдан бұрын федерациялардан ұлттық чемпионаттарды шілде айының соңына дейін аяқтауды сұраған.

Айта кетейік, Covid-19 індеті кесірінен футболдан халықаралық турнирлер мен ішкі біріншіліктер тоқтатылған болатын. Тек Беларусьте ғана чемпионат жалғасып жатыр.

Бөлісу

.