3 маусым, Сәрсенбі

Елдос Сметов: Токио төрінде топ жаруға барымды саламын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Халықаралық Олимпиада комитетіне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов ХОК мен ҰОК-не алғысын білдіріп, үміттерін ақтайтынын айтты.

– Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында ақжолтай хабар жетіп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, «Olympic Solidarity» бағдарламасы аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясына ие болған едім. Токио Олимпиадасының шегерілуіне байланысты ХОК талантты спортшыларды қолдау мақсатында бізді әрі қарай стипендияға лайық көріпті.

Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, әрдайым спортшылармен бірге болғаны үшін ХОК пен еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, федерацияға алғыс айтамын.  Үміттеріңізді ақтап, Токио төрінде топ жаруға барымды саламын, — деп жазды Елдос.

Бөлісу

.