24 қыркүйек, Бейсенбі

Исламхан «Рубинге» ауысуы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Әл-Айн» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресейлік «Рубин» клубына ауысуы мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы журналист және инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасына жазды.

Оның айтуынша, тараптар шарттарды талқылаған, ал Исламхан БАӘ-де «Әл-Айнмен» келісімшарт аяқталғаннан кейін Қазанға кетпекші болған.

«Жағдай өзгермейді және Исламхан бәрібір «Рубинге» барады деп үміттенемін. Оны жалдау мерзімі аяқталды. Ресми түрде ол маусымның аяғында аяқталады, бірақ БАӘ чемпионаты да басқалар сияқты тоқтатылды. Оның қашан басталатыны әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Исламханды Рубинге ауыстыру оның Ресейдегі агенттерінің еңбегі емес, Қазан мен Алматыдан келген бірнеше адамның бірлескен жұмысы», — деп жазды Қожахмет.
Айта кетейік, Исламхан «Әл-Айн» сапына 31 қаңтарда өтіп, маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойған. БАӘ чемпионатындағы төрт ойында футболшы үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол АФК Чемпиондар лигасында екі және БАӘ президенті кубогында бір ойын өткізген.
Бөлісу

.