24 қыркүйек, Бейсенбі

Бундеслига қайта жалғасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Германия біріншілігі қайта жалғасады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы мәлімет лиганың ресми сайтына жарияланды.

Неміс канцлері Ангела Меркель және федералды штаттардың үкімет басшылары бүгін Бундеслига мен екінші Бундеслига маусымы мамырдың екінші жартысынан бастап жалғастыруға рұқсат берді.

Бундеслига басшылығы бірінші болып футбол маусымын қайта жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін неміс футбол лигасы (DFL) бұдан бұрын барлық ойыншыға инфекцияға байланысты тұрақты тексеру жүргізілетінін жариялаған болатын. Алдағы ойындар әзірге жанкүйерсіз өтеді.

Айта кетейік, Бундеслигада соңғы 25-тур ойындары 8 наурызда өтті. «Бавария» 55 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Бөлісу

.