24 қыркүйек, Бейсенбі

«Ордабасы» клубы тасқыннан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына азық-түлік жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ордабасы» футбол клубының ұжымы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік және негізгі қажеттіліктерді жеткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді. 

«Басшылық, жаттықтырушылар құрамы, футболшылар және клуб әкімшілігі шетте қалмай Мақтааралдың зардап шеккен тұрғындарына көмектесуге шешім қабылдадық. Біз үйсіз қалған азаматтарға керек қажеттіліктерді әкелдік. Біз барлығын қиын жағдайдағы адамдарды қолдауға және көмектесуге шақырамыз, бұл біздің адами және азаматтық парызымыз», – деді «Ордабасы» клубының спорт директоры Қайрат Әшірбеков.

Айта кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған. Артынша су Түркістан облысы Мақтаарал ауданының бірнеше ауылын басып тастаған еді.

Бөлісу

.