24 қыркүйек, Бейсенбі

Роналду Туринге оралды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» футбол клубының сұрмергені Криштиану Роналду Туринге келді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Футболшының жеке ұшағы Gulfstream G200 Galaxy  кеше, дүйсенбі күні түнде Турин әуежайына қонған. Енді ол екі апталық карантинде болып, содан кейін ғана 18 мамырда командамен жаттығуға кіріседі.

Футбол жұлдызы наурыз айында Италияда коронавирус індеті өршіген уақытта туған қаласы Мадейраға қайтқан болатын. 

Айта кетейік, 35 жастағы футбол жұлдызы «Ювентус» сапында 32 ойын өткізіп, 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Бөлісу

.