31 қазан, Сенбі

Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты бойынша әлем чемпионатын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем чемпионатын алғашында 2021 жылы 16 шілде — 1 тамыз аралығында өткізу жоспарланған болатын. Енді турнир 2022 жылы 13-29 мамыр аралығында өтеді.

Мұндай шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) коронавирус пандемиясы кесірінен Токио Олимпиадасын бір жылға кейінге шегеру туралы шешімінен кейін қабылданды.

Айта кетейік, әлем чемпионатын өткізу орны өзгеріссіз қалады. 

Бөлісу

.