31 қазан, Сенбі

«Мені қынжылтатыны – алдын ала сақтық шараларының жасалмағаны». Қанат Ислам Мақтаралдағы жағдай туралы

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Мақтаралдағы су тасқынына байланысты билікті сынады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

– Ассалаумағалейкум, ағайын! Мақтаралдағы су тасқыны барша қазақстадықтардың қабырғасына батып жатқаны анық. Қолынан келгенін аямай көмек атап жатқан бауырларымызға да Алла разы болсын! Қазақ бауырмал халық екені, қиындықта жұдырықтай жұмыла кететіні, қолындағыны аямайтыны былтыр Арыстағы жағдайда да көрінген еді. Әлі де солай жасай берері анық. Мемлекет көмегінің әрине болуы заңды. Жергілікті әкімшіліктің қызметін де жоққа шығармаймыз.

Алайда мені қынжылтатыны – алдын ала сақтық шараларының жасалмағаны. Тіпті су қоймасы жарылғаннан кейін де су басу қаупі төніп тұрған кей ауылдарға алдын ала дұрыс ақпарат жетпей, соның кесірінен біраз малдары да суда қалып қойған ағайындар бар секілді.

Мамандар судың қарқыны, бағытын дер кезінде дұрыс бағамдап уақытылы қам жасау керек еді. Жауапты мекемелер бұдан сабақ алуы керек енді.

Қазақтың жүрегі қашанда қиналғанмен бірге! Мақтаралдағы жұртқа жанымыздың жылуын өткізіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей қол ұшын берейік.  Алладан барша қазақтың мал-жанының аман болуын тілеймін,— деп жазды боксшы.

Бөлісу

.