24 қыркүйек, Бейсенбі

Роналду Италияға не себепті оралмайтынын айтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» футбол клубының сұрмергені Криштиану Роналду не себепті Италияға оралмайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Футболшы БАҚ-қа берген сұқбатында командалас әріптесі Пауло Дибаланың коронавирусқа тапсырған төртінші сынамасы да оң нәтиже көрсеткенін айтқан. Бұл жөнінде Corriere dello Sport басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, португалдық ойыншы коронавирус індетін жұқтырып алудан қауіптенеді.  Әзірге Италияға оралмайды. Ол қазір Мадейрадағы вилласында оқшауланып отыр. 18 мамырдан бастап клуб жаттығуларын қайта бастауы мүмкін. Клуб басшылығы барлық футболшыны Италияға шақырған.

Айта кетейік, 35 жастағы футбол жұлдызы «Ювентус» сапында 32 ойын өткізіп, 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Бөлісу

.