3 маусым, Сәрсенбі

«Qsport» онлайн турнирінің жеңімпазы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екі аптаға созылған Qsport.kz порталының ММА шеберлері арасындағы онлайн турнирі мәресіне жетті.

Турнирге еліміздің үздік 16 файтері таңдалып, жеребе бойынша 8 жұпқа бөлінді. Іріктелініп алынған спортшылардың арасында осалы жоқ. Бәрінің де жеңіске жетуге мүмкіндігі болды. 

Күніне бір жұп сайысқа түсіп, көп дауыс жеңгені келесі кезеңге жолдама алып отырды. Осылайша жанкүйерлерінің қызу қолдауымен финалға дейін Арман Оспанов пен Сәбит Жүсіпов жетті. 

Шешуші кезеңде қос спортшының жанкүйерлері 1 тәулік бойы жарысып, Qsport.kz онлайн турнирінің жеңімпазын анықтады. Финалда 6 мың адам дауыс берген. Оның 47% (2889) Арман Оспановты қолдаса, 53% (3218) Сәбит Жүсіповті жеңімпаз деп таныған. 

Осылайша, 16 күнге созылған ММА шеберлері арасындағы онлайн турнирде жас спортшы Сәбит Жүсіпов жеңісе жетті. Айта кетерлігі, дауыс беру аяқталуға бір сағат қалғанда Сәбит Жүсіповті жанкүйерлері алға сүйреп шықты.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Жарыстың демеушісі Chempion спорттық киімдер дүкені Сәбит Жүсіповке  арнайы тігілген форманы табыстайды!

Бір айта кетерлігі, Qsport.kz порталының ММА шеберлері арасындағы онлайн турнирін орташа есеппен күніне 30 мың адам көрген. Жалпы саны 350 мыңға жуық жазылушы турнирдің барысын қадағалап отырды.

Оқи отырыңыздар:

Бөлісу

.